“Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет” атты біліктілік арттыру курсыFarabi University

“Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет” атты біліктілік арттыру курсы

23 қаңтар, 2025

23 Қаңтар 2025 жылы “Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет” атты біліктілік арттыру курсы заң факультетінің ОПҚ қатысуымен өтті. Бүгін заң факультеті, Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының PhD докторы Мырзатаев Нурмухамед Даулеткелдіұлы “ҚР Азаматтық процестік кодексіне толықтырулардың мәні мен маңызы” атты тақырыпта баяндама жасап әріптестердің әр түрлі сұрақтарына жауап берді. Біліктілік арттыру курсының ұйымдастырушыларына кафедра атынан алғыс білдіреміз.