Қызықты қысқы демалысFarabi University

Қызықты қысқы демалыс

23 қаңтар, 2025

Мұражай – әр халықтың тарихын, мәдениетін, дәстүрін т.б. ұлттық құндылықтарынан сыр шертетін мәдени орын. Мұндай орындарға барып, тың  мәліметтермен танысу арқылы адамның таным көкжиегі артары сөзсіз. Осы орайда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ТДМ аясында және Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің «Қызықты қысқы демалыс» шарасының ұйымдастыру мақсатында ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушылары 2025 жылдың 23 қаңтар күні Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайын тамашалады.

 Мақсаты:  Қазақ халқының ұлттық мұрасы болып табылатын сәндік-қолтанбалы өнері қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталып ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық дәстүрлі қолөнерімен, даму сатысымен танысты. Көшпелілер мәдениетін қолөнер кәсібінің көптеген түрлері: кестелеу, тоқыма бұйымдары, ағаштан және сүйектен өңдеп жасаған заттар, түскиіздің түрлері, аттың ер-тұрмандары, зергерлік бұйымдары ерекше екенін айтып, ризашылықтарын білдірді.