«Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарыFarabi University

«Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары

24 қаңтар, 2025

2025 жылғы 20 қаңтардан бастап әл-Фараби ат. ҚазҰУ Заң факультетінде оқытушылар үшін әл-Фараби ат. ҚазҰУ Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының қолдауымен ұйымдастырылған "құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет" сертификатталған біліктілікті арттыру курстары өтіп жатыр. Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары осы курстарға белсенді қатысуда, бұл олардың кәсіби дамуына және біліктілігін арттыруға деген ұмтылысын көрсетеді.

Курс құқықтық сауаттылықты арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлауды қалыптастыруға және этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығын түсінуге бағытталған. Бағдарлама құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет бойынша теориялық және практикалық сабақтарды қамтиды. Курс теориялық және ғылыми-практикалық мәселелерді талқылай отырып, дәрістерді, практикалық сабақтарды/тренингтерді қоса алғанда, интерактивті түрде өткізіледі. Бұл курс құқықтық нормалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттар туралы білімді өзектендіруге, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың заманауи тәсілдерін игеруге, алған білімдерін білім беру және тәрбие қызметінде қолдануға мүмкіндік береді.

Осылайша, құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет бойынша курстар оқытушылардың кәсіби дамуының маңызды элементі болып табылады. Олар өздерінің жеке және кәсіби өсуіне ғана емес, сонымен қатар қоғамда заң мен әділеттілік қағидаттарын құрметтей отырып, білім сапасын арттырады.

Курс тыңдаушысы: ҚазҰУ Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы Мухамадиева Г.Н.