
ТДМ 4 Сапалы білім
2025 жылдың 24 қаңтарында А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Шоқтығы биік - Шоқан» атты шара өтті.
Шараға тарихшылар, мәдениеттанушылар, жазушылар, мұғалімдер және Алматы қаласының №147 гимназиясының оқушылары қатысты. Қонақтар Шоқан Уәлихановтың ғылым мен мәдениетке қосқан үлесін атап өтті, ал гимназия оқушылары ұлы ғалымға арналған шығармаларын ұсынды.
Әсіресе, Санкт-Петербургтегі Ресей ғылым академиясының архивында сақталған Шоқан Уәлихановтың архивтық материалдары туралы Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының оқытушысы Ходжабай Мұхтардың әңгімесі қызығушылық тудырды. Ходжабай Мұхтар сонымен қатар оқушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.
Басқа жаңалықтар

14 наурыз, 2025

13 наурыз, 2025

13 наурыз, 2025