- Басты бет
- Жаңалықтар
- №17 «Орнықты дамуға қол жеткізу құралдарын нығайту және орнықты даму мүддесінде жаһандық әріптестік тетіктерінің жұмысын жандандыру» әлеуметтік жобасы жүзеге асуда
№17 «Орнықты дамуға қол жеткізу құралдарын нығайту және орнықты даму мүддесінде жаһандық әріптестік тетіктерінің жұмысын жандандыру» әлеуметтік жобасы жүзеге асуда
.jpg)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы және Конфуций институты бірге «Тұрақты даму мақсаттарының» бағытын қамтитын №17 «Орнықты дамуға қол жеткізу құралдарын нығайту және орнықты даму мүддесінде жаһандық әріптестік тетіктерінің жұмысын жандандыру» әлеуметтік жобасы аясында және шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесінің келуіне орай дөңгелек үстел ұйымдастырды. Тәрбиелік іс-шара «Қытайдың жаңа жылы» атты тақырыпта өтті.
Дөңгелек үстелге шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының және Конфуций институтының оқытушылары, Қытай, Корея, Жапония, Испания, Түркия, Филипин және басқа да елдерден келген шетелдік студенттер қатысты. Шара барысында сөз алған шетелдік студенттер шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жылды атап өту салттары мен жолдары туралы сөз етті. Сонымен қатар, білім алып жатқан шетелдік студенттер оқытушылардан әр елдің жаңа жылды мерекелеу дәстүрлері және таихы, түрлі көріністері жайлы мәлімет алды.
Қытай Халық Республикасынан келген студенттер Қытайда «Чуньцзе» немесе көктем мерекесі - қытайлықтар үшін қасиетті мейрам екені туралы, жаңа жылды тойлау дәстүрлері туралы айтып, өз ойларын ортаға салып, қызу талқылады. Сонымен қатар, қытай тілінде өлең оқып, ән салды.
Одан кейін дөңгелек үстелге қатысушылар сөз алып, баяндамаларымен таныстырды. Шетелдік студенттер бейне таспа арқылы Қытай елінің жаңа жылды атап өту дәстүрлерімен таныса отырып, Қытай елінің ұлттық тағамдарынан дәм татып, әдеби көріністі де тамашалай алды.
«Қытайдың жаңа жылы!» атты дөңгелек үстел мәдени диалог түрінде шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.
А.Е. Саденова.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Шетелдіктердің тілдік және
жалпы білім беру дайындығы
кафедрасының доценті
Басқа жаңалықтар

