«Денсаулық Спартакиадасы 51: Белсенді өмірге шабыт»Farabi University

«Денсаулық Спартакиадасы 51: Белсенді өмірге шабыт»

16 қаңтар, 2025

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы 6-15 қаңтар аралығында өткен «Денсаулық» – 2025 51-ші дәстүрлі Спартакиадаға Заң факультеті командасының құрамында белсене қатысты. «Парасат» кәсіподақ және спорт клубының ұйымдастыруымен жыл сайынғы бұл спартакиада 19 командаға біріккен 674 қатысушының басын қосты. Байқауға Ректорат, Ғылыми кітапхана және Әскери кафедра да белсене қатысты.

Университет оқытушылары мен қызметкерлері спорттың бес түрінен: волейбол (ерлер және әйелдер), шағын футбол, үстел теннисі, шахмат және ұлттық ойын тоғызқұмалақ бойынша сынға түсті. Әр спорт түрі бойынша жеңімпаздар «Парасат» кәсіподақ ұйымының мақтау қағаздарымен және сыйлықтарымен марапатталды.

Біздің заң факультетінің командасы Спартакиада жеңімпазы атанғанын мақтанышпен хабарлаймыз!

Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары және командалық рухы үшін алғыс айтамыз. Спорт тек дене шынықтыруды дамытуға ғана емес, сонымен қатар университетімізде өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға көмектесетініне сенімдіміз!

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы