- Басты бет
- Жаңалықтар
- Сингапур Ұлттық университетімен халықаралық байланыстарды орнату. ТДМ 4 және ТДМ 17
Сингапур Ұлттық университетімен халықаралық байланыстарды орнату. ТДМ 4 және ТДМ 17
.jpeg)
Болашақ" "500 ғалым" бағдарламасының стипендиаттары, физика-техникалық факультетінің профессор м.а. Ибраимов Марғұлан мен профессор Абишев Медеу Ержанович, ғылыми тағылымдамадан өту барысында Сингапур ұлттық университетінің тиісті ғылыми бағыттарындағы ғылыми топтарда жұмыс істеуде, сондай-ақ әлемнің жетекші ғалымдары жүргізетін ғылыми семинарларға қатысуда. Өздерінің ғылыми нәтижелерін ілгерілету мақсатында олар коммерцияландыру офисінің директоры және оның командасымен кездесті.
Сингапурда университеттер мен әлемнің жетекші компанияларымен бірлесіп құрылған бірнеше компания жұмыс істейді. BLOCK71 – бұл Сингапурдағы технологиялық стартап экожүйесінің орталығы және әлемдегі ең тығыз кәсіпкерлік экожүйесі, мұнда Қытай, Индонезия және АҚШ стартаптары ұсынылған. Коммерцияландыру орталығы Әбішев М.Е. әзірлеп жатқан жобаға қызығушылық танытып, жергілікті ғалымдар мен компаниялармен ынтымақтастықты дамытуға ұсыныс білдірді.
Сонымен қатар, Сингапур ұлттық университетінің профессорлары Ариандо мен Ұтқұр Мирсаидовпен бірнеше кездесу өтті. Бұл кездесулер барысында ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің профессорлары Сингапур ұлттық университетінің инфрақұрылымы мен ағымдағы зерттеулерімен танысып, қазақстандық жас ғалымдарды НУС-тың докторантурасына олардың жетекшілігімен қабылдау мүмкіндіктерін талқылады.
Іс-шаралар ТДМ 4 – Баршаға инклюзивті және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету және ТДМ 17 – Тұрақты даму мүддесіндегі жаһандық серіктестіктің тетіктерін нығайту және дамыту шеңберінде өткізілуде.
Басқа жаңалықтар

