Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Тәртіпті өзіңнен баста» атты ашық сабақ өткізілдіFarabi University

Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Тәртіпті өзіңнен баста» атты ашық сабақ өткізілді

27 қаңтар, 2025

2025 жылдың 27 қаңтарында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 4-ші бағыты «Кәсіби білім беру» мен 11-ші бағыты «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» аясында, «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Дарханова С.Д. және заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Абдықадыр Ұ.Б. 1-курс заң факультетінің студенттерімен бірге Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика-математика бағытындағы оқушылары үшін «Тәртіпті өзіңнен баста» атты ашық сабақ өткізді.

Бұл шараның мақсаты – жастарға тәртіптің маңыздылығын түсіндіру, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау қажеттігін ұғындыру болды. Студенттер мен оқушылар өзара пікір алмасып, құқықтық тәртіп пен заңның қоғамдағы рөлі туралы ой бөлісті.

Ашық сабақ барысында студенттер қазіргі қоғамдағы тәртіп мәселелеріне қатысты түрлі пікірлерін білдіріп, «жеке тәртіп» пен «қоғамдық тәртіп» ұғымдарына тереңірек тоқталды. Мұндай іс-шаралар жастарды жауапкершілікке тәрбиелеп, білім мен тәртіптің өзара байланысын арттыруға септігін тигізеді.

«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасы