"Салауатты өмір салты әл-ауқатқа жете ме?”Farabi University

"Салауатты өмір салты әл-ауқатқа жете ме?”

14 қаңтар, 2025

14.01.2025 Қазақстан-Ресей медициналық университетінде TED Talks "Салауатты өмір салтын әл-ауқатқа әкеледі ме?» деген Халықаралық студенттік конференция өтті. Конференцияға әр түрлі университеттерден 30-дан астам студент қатысты: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Каспий университетінің "Әділет" Жоғары құқық мектебі, КИМЭП Университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, АЛТ Университеті және Қазақстан-Ресей медициналық университетінің шетелдік студенттері. Студенттер әртүрлі тақырыптар бойынша TED стиліндегі қысқа баяндамалар жасады, мысалы:  "Салауаттылықтағы профилактикалық көмектің рөлі",  "Денсаулық сақтаудың қол жетімділігі және оның психикалық денсаулыққа әсері" , "Қазіргі медицинадағы әл-ауқат туралы мәдени түсініктер"

 Іс-шараның 9 қатысушысы I, II және III дипломдардың иегерлері болды.

Олардың ішінде біздің университеттің студенттері бар: I дәрежелі Диплом-Молданиязова Диана, 1 курс студенті, философия факультеті. Жетекшісі: Манат Жамалдинова.

II дәрежелі Диплом-Ақерке Жақыпқазы, 1 курс студенті, биология факультеті. Жетекшісі: Надежда Бершина.

III дәрежелі Диплом-Жанерке Жақсыбайқызы, Шығыстану факультеті. Жетекшісі: доц. Әсел Шаяхмет.

Жиреншина К.А.