«Құрлық экожүйелерін сақтау» атты іс-шара өтті
.jpg)
Тұрақты дамудың 15-ші мақсаты – құрлық экожүйелерін сақтау. Экожүйені қорғау және оны қалпына келтіру – үлкен мәселе. Осы орайда, шетелдік студенттерге тұрақты даму мақсаттарын түсіндіріп, оларға экологиялық тәрбие беру мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының доценті А.Е. Саденова «Құрлық экожүйелерін сақтау» атты іс-шара өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты шетелдік студенттерді қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруімен күресу үшін жасалуы мүмкін әрекеттер туралы білім беру және ақпараттандыру болды.
Іс-шара барысында доцент А.Е. Саденова өз сөзінде қоршаған ортаны дұрыс пайдалануға жәрдемдесу, орманды оңтайлы пайдалану, шөлге айналуға қарсы күрес және адамзаттың өмір сүруіне кедергі келтіретін барлық антропогендік факторлардың ықпалын азайту немесе мүлдем болдырмауға ұмтылу қажеттілігі жайлы түсіндіре отырып, сондықтан әр адамның қоршаған табиғатты күтіп-баптап, зиянды қалдықтарды тастамай, оларды өңдейтін арнайы орындарға жеткізуі де осы аталған мақсаттың орындалуына үлесін қосқаны болып есептелетінін түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, іс-шара барысында студенттерге пластикалық ыдыстардың химиялық құрамы мен қасиеттері, олардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына зияны жайында мәліметтер берілді.
Студенттер тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, өз ойларын білдірді және өзара пікір алмасты.
А.Е. Саденова.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Шетелдіктердің тілдік және
жалпы білім беру дайындығы
кафедрасының доценті
Басқа жаңалықтар

