«Теңіз экожүйелерін сақтау» туралы талқылау өттіFarabi University

«Теңіз экожүйелерін сақтау» туралы талқылау өтті

29 қаңтар, 2025

БҰҰ ТДМ 14-мақсатына қол жеткізу аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының доценті А.Е. Саденова жетекшілігімен шетелдік студенттері арасында ТДМ 14-Теңіз экожүйелерін сақтау туралы талқылауы өтті. Іс-шара дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылды. Бұл іс-шара теңіз экожүйелерін жойылу мен ластанудан қорғаудың шұғыл қажеттілігін, мұхиттардағы биоәртүрліліктің маңыздылығын және адам қызметінің теңіз жануарлары мен өсімдіктеріне әсерін талқылауға арналды. Сонымен қатар теңіз экожүйелерін сақтау үшін нақты қадамдар, теңіз қорықтарын ұйымдастыру, мұхиттардағы қоқыс жинауды жақсарту және балық аулаудың тұрақты әдістерін әзірлеу секілді мәселелер сөз болды.

Іс-шарада шетелдік студенттер белсенді қатысып, теңіз экожүйесінің маңызды аспектілерін, теңізді қорғаудың құқықтық негіздерін, теңізді ластаудың қоғамға қауіптілігін талқылады. Шараны жүргізуші – Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының доценті А.Е. Саденова теңіз экожүйесін сақтауға ұсыныстар білдірген шетелдік студенттерге өз алғысын білдірді.

А.Е. Саденова.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті,
Шетелдіктердің тілдік және
жалпы білім беру дайындығы
кафедрасының доценті