БҰҰ-ның 80 жылдық мерейтойы және тұрақты даму мақсаттарын талқылауFarabi University

БҰҰ-ның 80 жылдық мерейтойы және тұрақты даму мақсаттарын талқылау

28 қаңтар, 2025

Кеше БҰҰ Plaza Алматы офисінде Қазақстандағы БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самекпен БҰҰ туралы ақпараттың академиялық Өңірлік ресурстық орталығының директоры Л.Ф. Деловарованың, ЮНЕСКО-ның Тұрақты даму кафедрасының меңгерушісі Т.А. Базарбаеваның, ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының меңгерушісі О.Ж. Ошанованың, Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институтының директоры Л.К. Мұхтармен маңызды кездесу өтті.

Бұл кездесу 2025 жылы атап өтілетін БҰҰ-ның 80 жылдық мерейтойы аясында өтті. Бұл мерейтой тұрақты даму саласындағы, атап айтқанда білім беру мен әлеуметтік өзгерістердегі көпжақты ынтымақтастық пен ұжымдық күш-жігердің маңыздылығын көрсетеді. Кездесуге қатысушылар ынтымақтастықтың стратегиялық бағыттарын талқылады, студенттер мен жұртшылықтың тұрақты даму мәселелеріне хабардарлығы мен тартылуын арттыруға көмектесетін жобаларды іске асыру туралы идеялармен алмасты. Климаттың өзгеруімен және әлеуметтік теңсіздікпен күресу үшін практикалық шешімдерді біріктірудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Властимил Самек ҚазҰУ мен БҰҰ-ның алға қойған мақсаттарға қол жеткізудегі ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті. Талқылау нәтижесінде өңірде тұрақты дамуды ілгерілетуге ықпал ететін бірқатар бастамаларды бірлесіп әзірлеу және іске асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. БҰҰ-ның мерейтойы барлығымызды тұрақты және әділ болашақ құру бағытындағы жүйелі жұмысымызды жалғастыруға шабыттандырады және мұндай кездесулердің жаһандық мақсаттарды жүзеге асырудағы маңыздылығын көрсетеді.