Жаңа уақыт қоғам мен мемлекеттен жаңа нақты қадамдар талап етедіFarabi University

Жаңа уақыт қоғам мен мемлекеттен жаңа нақты қадамдар талап етеді

29 қаңтар, 2025

Жаңа уақыт қоғам мен мемлекеттен жаңа нақты қадамдар талап етеді

Қазақстан Республикасы Президентінің 28.01.2025 ж. сөйлеген сөзіне жауап

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы баяндамасымен зор қызығушылықпен таныстым.

Бүгінгі таңда уақыт тез өзгеруде, әлемде жаңа технологиялармен байланысты түбегейлі өзгерістер болып жатыр, қоғамның барлық салалары цифрландырумен қамтылған, ақпарат бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен таралуда, көптеген мамандықтар өз өзектілігін жоғалтуы мүмкін, сол себепті ақпараттандырумен тікелей байланысты жаңа мамандықтар пайда болды. Сондай-ақ, жаһандану арқылы пайда болған жаңа қауіптерді атап өту қажет.

Жоғары білім жүйесіне назар аударсақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан Республикасының жоғары білімінің флагманы болып табылады. Университетте 16 факультет жұмыс істейді, білім алушылардың саны 28 мыңнан астам. 2022 жылғы 25 шілдедегі Үкіметтің қаулысымен ҚазҰУ зерттеу университеті мәртебесіне ие болды. QS халықаралық рейтингі бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің 800 үздік университеті арасында 163-орынды иеленді.

Ғылым мен жоғары білім саласындағы реформалардың қарқынын және сапасын сақтау өте маңызды. Маңызды бағыттардың бірі — жоғары оқу орындарының рейтингіне байланысты білім беру тапсырысын дифференциациялау жұмыстары. Бөлінген қаражатты мақсатты әрі тиімді пайдалану қажет. Мемлекет басшысының сөзімен келісеміз, бюджет қаражатын тек сапалы әрі сұранысқа ие зерттеулер жүргізетін университеттер, институттар мен ғалымдар алуы тиіс деген әділ пікірді білдіріп отырмыз.

Заң ғылымдарының докторы, профессор

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Ибраева Алуа Саламатовна