ТДМ 3 - "Денсаулық пен әл-ауқат"

25.01.2025 ТДМ іске асыру мақсатында 3 – жақсы денсаулық және әл-ауқат, қылмыстық құқық қылмыстық іс жүргізу кафедрасының оқытушысы Худайбергенов Ж.Т. 116-студенттер тобымен Медеу биік таулы мұз айдынына барды. Медеу-Алматының нағыз асыл тастары және қысқы демалысты сүйетіндер үшін табынушылық орын!Айдынның айналасында көркем табиғат пен тау беткейлері бар, бұл жерде спортшылардың жаттығу жасауы да, туристердің демалуы да ыңғайлы.Медеу мұз айдынына тек қана кәсіби спортшылар емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтары да келіп, сырғанау мен басқа да іс-шараларға қатыса алады. Қыс мезгілінде Медеу мұз айдынында сырғанау аса танымал, ал жазда таулар мен табиғат аясында серуендеуге мүмкіндік береді.Медеудің сиқырын сезініңіз-қыс ертегіге айналатын жер.
Басқа жаңалықтар

