- Басты бет
- Жаңалықтар
- Заман талабына сай заң факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы біліктіліктілігін арттыруда
Заман талабына сай заң факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы біліктіліктілігін арттыруда

2025 жылдың 20-31 қаңтар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы университетіміздің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының ұйымдастыруымен "Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет" атты 72 сағаттық біліктілігін арттыру бойынша курсына белсенді түрде қатысуда.
Біліктілікті арттыру оқыту мен білім беру процесін зерделеудің жоғары деңгейін ұстап тұрудың негіздерінің бірі болып табылады. Заң ғылымы саласындағы тұрақты өзгерістер жағдайында құқықтық жүйеде нақты ұсыныстар дайындау үшін оқытушылардың білімі мен дағдыларын уақтылы жаңартып отыру ол заман талабы. Сондықтан бүгінгі күні өткізіліп жатқан бұл курс құқықтық жүйедегі өзекті мәселелер мен заңнамадағы өзгертулер мен толықтыруларды талдау арқылы көптеген ақпаратқа қол жеткізудің тиімді жолы.
Курстың өту барысына біздің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы тек қатысып қана емес, сонымен қатар белсенді түрде ғылыми пікірталасқа маңызды үлес қоса отырып, баяндамалар жасап отыр.
Бұл әрине тек тәжірибе алмасу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар заң ғылымы мен тәжірибесінің қазіргі жағдайына сәйкес келетін білімді өзектендіру болып табылады.
Мұндай іс-шаралар факультетіміздің профессор-оқытушылар құрамының дамуына ықпал етіп қана қоймай, Қазақстанның қазіргі заманғы құқықтық жүйесі жағдайында тиімді жұмыс істей алатын білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз ете отырып, жалпы білім беру сапасына әсер ететіні анық.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы,з.ғ.к., Темірболат Н.С.
Басқа жаңалықтар

