- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ оқытушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында біліктіліктерін арттыруда
ҚазҰУ оқытушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында біліктіліктерін арттыруда

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінің Қылмыстық құқық. Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары «Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» атты біліктілікті арттыру курсына қатысуда. Бұл бағдарлама құқықтық реттеу саласындағы өзекті мәселелерді зерттеуге, заң саласындағы мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әдістерін меңгеруге бағытталған.
Курстың негізгі бағыттары:
✅ Құқықтық реттеудің өзекті мәселелерін талдау және құқықтық реформалармен танысу;
✅ Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдары мен заманауи әдістерін зерттеу;
✅ Оқытушылардың аналитикалық және сыни ойлау қабілетін дамытып, күрделі құқықтық жағдайларда тиімді шешім қабылдау дағдыларын жетілдіру;
✅ Құқық саласындағы жаңа инновациялық әдістер мен технологияларды қолдануды үйрену.
Курста дәрістерден бөлек тәжірибелік тренингтер мен талқылаулар өткізіліп, оқытушылар реалистік құқықтық жағдайлар негізінде шешім қабылдау қабілетін жетілдіреді. Мұндай шаралар білім беру сапасын жақсартуға ықпал етіп, болашақ заңгерлерді әділдік, адалдық және кәсібилік қағидаларын ұстануға үйретеді.
Бұл курс – құқық саласындағы мамандардың кәсіби деңгейін көтеруге, білім беру жүйесін жетілдіруге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жаңа деңгейге шығаруға бағытталған маңызды қадам.
Курс тыңдаушысы: PhD, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессоры м.а. Жанибеков А.К.
Басқа жаңалықтар

