Қоғамдағы заң мен тәртіп – тұрақтылықтың кепіліFarabi University

Қоғамдағы заң мен тәртіп – тұрақтылықтың кепілі

29 қаңтар, 2025

«2025 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президентінің сөйлеген сөзіне жауап»

Қоғамдағы заң мен тәртіп – тұрақтылықтың кепілі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, «Заң мен тәртіп» қағидасы әрбір азаматтың санасына терең сіңуі қажет. Бұл – қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығының негізгі шарттарының бірі. Әрбір құқық бұзушылыққа қатысты «мүлдем төзбеушілік» қағидасын ұстану маңызды, өйткені бұл құқықтық мәдениетті қалыптастырады.

Президент бұл жұмыстарды барлық деңгейде ұйымдастыру керектігін баса айтты. Әсіресе, аймақ әкімдері осы бағыттағы жауапкершілікті күшейтіп, нақты шаралар қабылдауы қажет. Сонымен қатар, шектеулер мен айыппұлдар әділ әрі қоғам үшін түсінікті болуы керек.
Бұл сөздер – заң үстемдігін қамтамасыз ету жолында маңызды қадам. Әділетті қоғам құру әрбір азаматтың саналы әрекеті мен мемлекет тарапынан тиімді басқаруды талап етеді.

Заңға бағыну – тек міндет емес, қоғам алдындағы жауапкершілік!

«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Базартаева Е.Б.