"Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет"
.jpeg)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті 2025 жылдың 20 - 31 қаңтар аралығында профессорлық - оқытушылық құрамын университетіміздің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының ұйымдастыруымен "Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет" атты 72 сағаттық оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру курсын жүзеге асырды.
Курстың жетекшісі ретінде з.ғ.д., профессор Ибраева А.С.бектілген. Курсқа факультет бойынша - 50 оқытушы, соның ішінде Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының да профессорлық - оқытушылық құрамы белсенді түрде қатысып, профессор Сулейменова С.Ж., доцент Мырзатев Н.Д., доцент Рыскалиев Д.У. азаматтық іс жүргізу құқығы және еңбек құқығы бойынша ғылыми пікірталасқа маңызды үлес қоса отырып, заңамадағы өзекті мәселелерді қозғап баяндамалар жасады.
Бұл біліктілікті арттыру курсының мақсаты университеттің құқықтық білім беру жүйесінің сапасын арттыруды және біліктілік деңгейіне қойылатын талаптардың артуына, заңнамада болып жатқан өзгерістерге талдау жасауда және оқытудың қазіргі заманғы әдістерін игеру қажеттілігіне байланысты теориялық және практикалық білімді жаңартуды қамтамасыз ету.
Өткізіліп жатқан бұл курс білім берудегі әр қилы мәселелерді қамтып, құқықтық жүйедегі өзекті сұрақтар мен заңнамадағы өзгертулер мен толықтыруларды талдау арқылы көптеген ақпаратқа қол жеткізудің тиімді жолы болғаны анық. Мұндай іс-шаралар факультетіміздің профессор-оқытушылар құрамының дамуына ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар елімізде білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз етуге өз әсерін тигізеді деп білемін
Басқа жаңалықтар
