ТДМ 3: «Салауатты өмір салтын ұстану»Farabi University

ТДМ 3: «Салауатты өмір салтын ұстану»

31 қаңтар, 2025

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында «Салауатты өмір салтын ұстану» туралы іс-шара өткізілді. Өткізілген шараның мақсаты жастарды өз денсаулықтарын күтуге, сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолдарын қарастырып, салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыру.

Іс-шара барысында денсаулықты сақтау шаралары қимыл белсенділігі, денені шынықтыру, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден алшақ болу керектігі жайлы ақпараттар ұсынылды. Бұлар салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарттары болып табылады. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етсе, организмді үнемі шынықтыру аурулардың алдын алатыны және денсаулықты сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызы зор екендігі түсіндірілді.  

Сонымен қатар, ұйқыны дұрыс реттеудің маңыздылығы жайлы ақпараттар беріліп, тұрақты ұйқы режимін сақтау керектігі айтылды.

Темекі шегуден, ішімдіктен, есірткі және уытты заттардан бас тарту қажет. Бұл зиянды әдеттер организмге әсер етіп, денсаулыққа зиян келтіретіні белгілі. Жеке гигиена ережелерін дұрыс сақтау керектігі жайлы ақпараттармен бөлісті. Тамақтану барысында көкөніс, жемістерді көп қолдану керек және түнде тамақ жеу денсаулыққа зиян екендігі ескертілді.

Осы мәселелерді ескере отырып, денсаулықты сақтау шараларын дұрыс қолдану жолдары қарастырылды. Ең алдымен адам өз денсаулығына жауапты болғаны абзал. Ол үшін бір күндік  күн тәртібін дұрыс ұйымдастырған дұрыс. Дұрыс қарастырылған күн тәртібі тек ағзаны жақсартып қана қоймай, сонымен қатар еркіндікке тәрбиелейді, өмірлік тонусты, жұмысқа қабілеттілігінді арттырады.