- Басты бет
- Жаңалықтар
- ФАКУЛЬТЕТТІҢ ЖҒК ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҰЗДЫҚТАРДЫ САҚТАУ ЖЫЛЫНЫҢ БАСТАМАСЫН ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА БОГДАНОВИЧ МҰЗДЫҒЫНА ХАЙКИНГ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
ФАКУЛЬТЕТТІҢ ЖҒК ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҰЗДЫҚТАРДЫ САҚТАУ ЖЫЛЫНЫҢ БАСТАМАСЫН ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА БОГДАНОВИЧ МҰЗДЫҒЫНА ХАЙКИНГ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
ЮНЕСКО мен Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) 2025 жыл – Халықаралық мұздықтарды сақтау жылының бастамасын қолдау мақсатында география және табиғатты пайдалану факультетінің Жас Ғалымдар Кеңесі Богданович мұздығына хайкинг ұйымдастырды. Богданович мұздығы Талғар асуының оңтүстігінде, Іле Алатауының екі сілемінің арасында орналасқан аңғарда жатыр. Аңғардың ұзындығы Талғар асуынан оңтүстіктен аңғарды жабатын жотаға дейін 4 км. жабылатын жотаның биіктігі 3900-4100 М. Мұздық 1910 жылы Верныйда болған жер сілкінісін зерттеген геология профессоры Карл Богдановичтің есімімен аталады.
Дәріскерлер Руслан Байбуриев, Жанар Раймбекова және докторант Айбек Мерекеев өз зерттеулерімен бөлісті. Бұл іс-шара Климаттық жүйеде және гидрологиялық циклде мұздықтардың аса маңызды рөлі туралы әлеуметтің хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ мұздықтардың тез еруінен туындаған шұғыл проблемаларды шешуге бағытталған (ТДМ 13 – Климатқа қарсы күрес).
Басқа жаңалықтар

