ФАКУЛЬТЕТТІҢ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІFarabi University

ФАКУЛЬТЕТТІҢ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

4 ақпан, 2025

География және табиғатты пайдалану факультетінің Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды: 

- Халықаралық рейтингтерде университеттің беделі мен рейтингін арттыру: кафедралар мен академиялық сарапшылар мен жұмыс берушілердің сарапшылары арасындағы жұмысты үйлестіру; университеттің позициясын жақсарту үшін QS рейтингі шеңберінде академиялық бөлім бойынша жұмыс беруші-сарапшылармен белсенді жұмыс.

- 2024-2025 оқу жылының күзгі семестрінің емтихан сессиясының қорытындылары және басқа да мәселелер, оның ішінде үш жылдық оқу ББ (бакалавриат) әзірлеу және тізіліміне енгізу туралы.  Факультет деканы А. Актымбаева, деканның оқу әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А. Шәкен баяндама жасады. Баяндамалар аяқталғаннан кейін сұрақтар мен жауаптар сессиясы өтті, профессор-оқытушылар құрамы қойған сұрақтар шетелдік тағылымдамалар, жарияланым белсенділігі тақырыптарын қозғады.