ТДМ 1 және ТДМ 3 іс-жүзінде: ҚазҰУ-дағы қайырымдылық жәрмеңкесіFarabi University

ТДМ 1 және ТДМ 3 іс-жүзінде: ҚазҰУ-дағы қайырымдылық жәрмеңкесі

31 қаңтар, 2025

2025 жылдың 30 қаңтарында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің механика-математика факультетінің ғимаратында бірінші қабатта «Көмек» қоғамдық қоры ұйымдастырған қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Қордың студенттері мен волонтерлері барлық санитарлық және ұйымдастырушылық талаптарды сақтай отырып, өз күштерімен түрлі тауарларды дайындап, сатуға қойды. Іс-шараға үлкен қызығушылық танытқан адамдар қатысты, оның ішінде факультеттің студенттері мен оқытушылары болды, бұл бастаманың кең қолдауға ие екенін көрсетті. Жәрмеңкенің басты мақсаты — жағдайы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға қаржылық немесе материалдық көмек көрсету үшін қаражат жинау.

«Көмек» қоғамдық қоры қолдауды қажет ететін адамдармен белсенді жұмыс істейді. Әр апта сайын волонтерлер интернаттарда балаларға сабақтарымен көмектесіп, оларға қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, олар қарттар үйіне барып, қарт адамдарға рухани және эмоционалдық қолдау білдіреді. Қор жағдайы төмен отбасылар мен мұқтаж жандарды қолдау мақсатында үнемі қайырымдылық жәрмеңкелерін ұйымдастырады. Бұдан басқа, волонтерлер жұма күндері мешіттерді тазалауға қатысады. Ұйымның негізгі миссиясы — студенттерді әлеуметтік белсенді болуға және мүмкіндігі шектеулі әлеуметтік топтарға көмек көрсетуге ынталандыру.

Қайырымдылық жәрмеңкесі өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған маңызды әлеуметтік бастамаға айналды. Іс-шара барысында студенттер маңызды тақырыптарды талқылады, атап айтқанда, ТДМ 1: Кедейлікті жою және ТДМ 3: Дұрыс денсаулық пен әл-ауқат мәселелерін талқылып, олардың іске асырылуына нақты мысалдар келтірді. Жәрмеңке сәтті өтті: қатысушылар тек пайдалы тауарларды сатып алып қана қоймай, қайырымдылық ісіне өз үлестерін қосты. Жиналған қаражат мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге бағытталды, бұл әлеуметтік жауапкершілікті және мүмкіндігі шектеулі топтарды қолдауды жүзеге асырудың нақты мысалы болды. Волонтерлердің күш-жігерінің арқасында іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды, бұл студенттердің әлеуметтік бастамаларға белсене қатысуға деген ынтасын және ынтымақтастықты көрсетті.