Қоғамдық тәртіп – мемлекеттің тұрақтылығыFarabi University

Қоғамдық тәртіп – мемлекеттің тұрақтылығы

5 ақпан, 2025

Қоғамдық тәртіп мәселесі қашан да өзекті. Қоғамда орын алған кез-келген тәртіпсіздікті бей-жай қалдыруға болмайды. Өз кезегінде, құқық бұзғандар тиісті жазасын алуы тиіс. Жазушы Бауыржан Момышұлы айтқандай: «Тәртіпке бағынған құл болмайды». Тәрбие тағылымы тәртіп пен талаптан басталады. Еліміздің, қоғамның көркеюі үшін әлбетте, тәртіп пен тәрбие болуы тиіс.
Осы ретте 2025 жылдың 5 ақпан күні Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы Дене шынықтыру дайындығы кафедрасының доценті, полиция подполковнигі Бекенұлы Бекжан және кафедра аға оқытушысы, полиция подполковнигі Нұрланұлы Ержан, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультеті, «Шет тілі:екі шет тілі» мамандығының 2 курс студенттеріне «Қоғамдық тәртіп – мемлекеттің тұрақтылығы» атты тақырыбында дәріс өткізді.
Студенттерге мемлекетті нығайтудың, қоғамдық тәртіптің рөлін түсіндіріп, студенттердің сұрақтары тыңдалды. Дәрістен соң студенттер жастар қайталап құқық бұзса қолданылатын шаралар түрі, тыныштықты бұзған көршілерге салынатыны айыппұл мөлшері, қандай құқық бұзушылық жасағанда есепке қойылатындығы, қоқыс тастау т.б. бойынша сұрақтарын қойды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта белең алған алаяқтық, телефон, яғни интернет арқылы жүзеге асырылатын алаяқтық та талқыланды. Интернет алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін қандай іс-әрекеттерді жасамау керектігін полиция қызметкерлері пысықтап айтып шықты. 
Ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы каферасының оқытушылары: Қоңырбекова Т.О., Кудьярова Ш.Т., Досанова А.М., Карымхан А.А.