- Басты бет
- Жаңалықтар
- Кафедра профессоры Көшім Асима Ғалымжанқызының "LAKEVIEW SCHOOL ALMATY" мектебінде кәсіптік бағдар беру кездесуі
Кафедра профессоры Көшім Асима Ғалымжанқызының "LAKEVIEW SCHOOL ALMATY" мектебінде кәсіптік бағдар беру кездесуі
Қазіргі таңда білім беру мен ғылымның дамуында кәсіптік бағдар беру жұмыстары маңызды орын алады. Әсіресе, оқушыларға болашақ мамандық таңдауына көмектесу, оларды ғылымға баулу және экологиялық сананы қалыптастыру – жоғары оқу орындары мен мектептер арасындағы тиімді ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі.
Осы мақсатта кафедрамыздың профессоры Көшім Асима Ғалымжанқыз арнайы шақыртумен "LAKEVIEW SCHOOL ALMATY" мектебіне барып, кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында оқушылармен кездесу өткізді. Бұл кездесу БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 14-тармағы – "Теңіз экожүйелерін сақтау" қағидаларына сәйкес ұйымдастырылып, оқушылардың экологиялық мәселелерге деген қызығушылығын арттыруға және болашақта қоршаған ортаны қорғауға бағытталған мамандықтарға деген ынтасын оятуға арналды.
Кездесу барысында профессор оқушыларға теңіз және су экожүйелерін сақтау, олардың маңызы, жаһандық экологиялық мәселелер және олардың шешу жолдары туралы маңызды ақпараттармен бөлісті. Әлемдік мұхиттар мен ішкі су ресурстарының экологиялық жағдайы, олардың тіршілік үшін маңызы, сондай-ақ адамзаттың қоршаған ортаға тигізетін әсері кеңінен талқыланды.
Профессордың баяндамасы оқушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Олар экология, климаттың өзгеруі, су ресурстарын қорғау және қоршаған ортаны тұрақты басқару мәселелеріне қатысты түрлі сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.
"LAKEVIEW SCHOOL ALMATY" мектебінде өткен бұл кәсіптік бағдар беру кездесуі экологиялық сананы қалыптастыру, табиғатты қорғау бойынша жауапкершілікті арттыру, және оқушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне қызықтыру тұрғысынан өте маңызды болды. Мұндай шаралар жастардың болашақ мамандықтарын таңдауда бағыт-бағдар алуына, сондай-ақ олардың ғылым мен экологияға деген қызығушылықтарын арттыруға үлкен әсер етеді.
Осындай кездесулер болашақта да жалғасын тауып, жастарды ғылым мен экологиялық саналы өмір салтына баулу бағытында маңызды қадамдардың бірі болары сөзсіз.
Толығырақ ақпарат:
https://www.instagram.com/p/DFrnR7ZC0Ng/?img_index=1&igsh=MWxxbjhsMmd2bnN1YQ==
https://www.facebook.com/share/p/1KpQxW8jZk/
Басқа жаңалықтар

