
2025 жылдың 3 ақпанында сағат 11:00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультеті, Түркітану және тіл теориясы кафедрасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзіне арналған мәжіліс өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтардың әл-ауқатын арттыру, экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды дамыту ісін жаңа деңгейге көтеру, цифрлық технологияны жан-жақты енгізу, энергетиканы дамыту және ядролық кластер құру, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру, салық-бюджет саясатын реформалау, маңызды жобаларды қаржы көздерімен қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау ісін реттеп, денсаулық сақтау, білім беру және ғылым саласын одан әрі дамыту туралы айтылған мәселелеріне өз пікірлерін білдірді.
Ғылым және білім салаларында барлық мүмкіндіктерді, әсіресе ЖИ-ді (жасанды интеллект) барлық салаларды қолдануымыз нәтижесінде жұмыс күшінің азаятындығы айтылды. Ғылым және жоғары білім саласындағы реформалардың қарқыны мен сапасын сақтаудың маңыздылығы, білім беру тапсырысын оқу орындарының рейтингіне қарай бөлу жұмысы Үкіметтің бақылауында болатындығы өте құптарлық жайт. Соңғы жылдары мемлекеттің ғылымға бөлінетін қаражат көлемін едәуір арттырғандығы, жобалар бойынша әділ шешімдер қабылдану керектігі, қаржының нақты мақсатқа сай жұмсалуы маңыздылығы нәтижесінде бюджет қаржысын сапалы әрі сұранысқа ие зерттеулер жүргізетін университеттер, институттар мен ғалымдар ғана алуы керектігі ғалымдар үшін мүмкіндіктер.
Ғалымдар үшін маңыздысы – Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып саналады. Білім мен ғылымды дамытуға жаңаша көзқарас қалыптастыру және мемлекеттік тұрғыдан қолдауды ұлғайту қажет деген нақты ұстаным ұсынылды. Президенттің алдыға қойған міндеттері бүгінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде толық жүзеге асуда. Студенттерге заман талабына сай білім беру, олардың әлеуметтік өміріне қолдау көрсету оқу орнының басты қағидаты. Қазіргі таңда осы іргелі шаңырақ тек қана білім беру емес ғылыми зерттеу орталығына да айналған. Еліміздегі ең басты жетекші оқу орны, әлемдік жоғары оқу орындарының талабынан өткен, үздік университеттер қатарында саналатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің білім беру және ғылым саласын одан әрі жан-жақты дамытуға үлес қосуы – барша университет ғалымдарымыздың ортақ ісі.
Ұйымдастырушылар: кафедра меңгерушісі Р.А. Авакова; кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие істері бойынша орынбасары Ш.Т. Кудьярова; ғылыми- иннновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары А.М.Досанова.