«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»Farabi University

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»

6 ақпан, 2025

 «Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, университеттің Тұрақты даму мақсаты аясында апта сайын әртүрлі іс-шаралар өткізуде. «ТМД 4-ші бөлімі Сапалы білім беру» негізінде 2025 жылдың 6 ақпанында ф.ғ.к., аға оқытушы Тлеубаев С., PhD, аға оқытушы Э.С.Сейсенбиеваның жетекшілігімен 8D02304 «Әдебиеттану» мамандығының 1 курс докторанты Серікжанова Маржан «6B02305-Қазақ филологиясы» 2-курс студенттерімен бірлесіп «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған ашық тәрбие сағатын өтті. Сабақ барысында Серікжанова Маржан мұзбалақ ақын туралы баяндама оқыса, 201-топ студенттері ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы тың деректермен бөлісіп, еңбектері мен өлеңдеріне талдау жасады. Ақиық ақынның туған күні қарсаңында ұйымдастырылып отырған келелі іс-шара болғандықтан студенттер де өз ойларымен бөлісіп, сабақ пікір-талас түрінде қызықты өтті. Тәрбие сағатының сергіту сәтінде ақынның өлеңдеріне қатысты сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, студенттер өздеріне біраз мағлұмат алғанын айтты. Сондай-ақ, студенттер әннен шашу шашып, поэзия оқыды.Тәрбие сағатының соңын шығармашылық жолында қалам ұштап, өлең-жыр жазып жүрген студент Бердібек Әділ Мұқағалиға арнап жазған «Мұзбалақ» атты арнауымен аяқтады. Тәрбие сағаты өте қызықты да тартымды өтті.