Қос диплом иегерлерін ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !Farabi University

Қос диплом иегерлерін ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !

8 ақпан, 2025

     2023-2024 оқу жылы "8М07101-Мұнайхимия" білім беру бағдарламасының магистранттары Жамантай Нәдір, Классен Иван, Тасболат Нұрлы және Ақан Ақжол үлкен жетістікке қол жеткізді. Олар Францияның ең беделді жоғары оқу орындарының бірі саналатын және әлемдік рейтингте ТОП-300 қатарына кіретін Бернард Клаудио Лион-1 университетінде қос дипломдық оқу бағдарламасы бойынша оқуларын аяқтап, екі университеттің де дипломдарын алды.

      Бұл қос дипломдық бағдарлама (кординаторлары Қанапиева Ф.М., Бәкірова Б.С., Аубакиров Е.А.) студенттерге екі түрлі оқу орнының академиялық тәжірибесін қатар алуға мүмкіндік береді. Магистранттар Қазақстанда алған теориялық және практикалық білімдерін Францияда заманауи зертханалар мен технологиялар базасында тереңдете түсті. Лион-1 университеті өз ғылыми зерттеулерімен және заманауи білім беру әдістерімен танымал, сондықтан бұл бағдарлама жас ғалымдарға жаңа мүмкіндіктер ашты.

       Олар халықаралық тәжірибе алмасу барысында жаңа білім мен дағдыларды игеріп қана қоймай, болашақта мұнайхимия саласында бәсекеге қабілетті мамандарға айналу үшін маңызды байланыстар орнатты.  Жамантай Нәдір АҚШ университетінде, Классен Иван Ұлыбритания университетінде докторантурада оқуларын жалғастыруда.

        Биылғы оқу жылында осы мамандықтың 5 магистранттары Лион-1 университетінде білімдерін жалғастыруда.

 

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценті Жақсылықова Г.Ж.