Қытайтану кафедрасында қағаз қию өнері бойынша шеберлік сабағы өтті
                        10 ақпан, 2025                    
                 
                2025 жылғы 10 ақпанда қытайтану кафедрасында «剪纸» (цзяньчжи) – қағаздан ою-өрнек қию бойынша шеберлік сабағы өтті. Сабақты 2-курс студенттеріне аға оқытушы Серикканова А.Ж. жүргізді.
«剪纸» – Қытайдың көне қолданбалы өнерінің бірі, оның тарихы Шан және Чжоу әулеттері кезеңіне дейін созылады. Бұл ерекше өнер түрі ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, жақында ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілді.
Дәстүрлі қағаз қию өнерінің басты тақырыптары – қарапайым халықтың тұрмысы мен еңбегі. Шеберлік сабағы барысында студенттер осы көне өнердің тарихымен танысып қана қоймай, өз қолдарымен қағаздан өрнек жасап, Қытайдың ежелгі дәстүрлеріне терең бойлау мүмкіндігіне ие болды.
 
         
                                 
                                