Әділетті мемлекет дегеніміз – құқықтық мемлекетFarabi University

Әділетті мемлекет дегеніміз – құқықтық мемлекет

10 ақпан, 2025

Қазақстан Респуб­ли­касының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ana tili» газетіне берген сұхбатындағы көтерілген көптеген өзекті мәселелерге байланысты өзімнің ойымды айтуды жөн санадым. 

Шын мәнінде 27 миллион тон­наға жуық астық жинаған диқандарымыздың жетістігі айрықша. Бұл соңғы 10 жыл­да болмаған көрсеткіш. 2024 жылдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағ­дар­ла­ма­сы аясында балаларға тө­лем беріле бастады. Зей­нетақы, жәрдемақы, шә­кірт­ақы және азаматтық сала қыз­меткерлерінің жалақысы көбейді.

Елімізде шетелдің 10-нан астам беделді жоғары оқу орнының бөлімшелері ашылды. Соның ішінде Әл-Фа­раби атындағы Қазақ ұлт­тық университетінің ба­за­­сында инженерлік ма­ман­­дық­тар бойынша ма­гис­­тр­ларды даярлау үшін ҚХР-дың Солтүстік-батыс по­литехникалық универ­си­те­тінің филиалы және РФ-ның МИФИ Ұлттық ядролық зерттеу университетінің фи­лиалы ашылғанын атап өт­кеніміз жөн.

Жыл сайын елімізде ғы­лым­ды қаржыландыру кө­ле­мі артып, мәдениет сала­сы­ның қызметкерлеріне елеулі қолдау көрсетіліп жатыр. Әлемдегі аса күрделі гео­саяси ахуалға қарамастан, біз­дің еліміз бейбітшілік үшін диалог орнату жолында тиімді рөл атқаратын мем­лекет ретінде халықаралық аре­надағы позициясын кү­шейтті. Бұл жағдай еліміздің қауіп­сіздігін қамтамасыз етуге және экономикамызды орнықты дамытуға септігін тигізетіні сөзсіз.

Мемлекет басшысы был­тырғы су тасқынына бай­ла­нысты атқарылған жұмыс­тар­ға да тоқталып өтті. Атап айтсақ, апаттан құтқару жұ­мыстарына Төтенше жағ­дай­лар министрлігінің ғана емес, Ішкі істер және Қор­ғаныс минис­трлік­терінің, Ұлттық ұланның және басқа да құрылымдардың қыз­мет­керлері, жалпы саны 63 мыңға жуық адам жұ­мыл­дырылды. Соның арқасында жұртшылықты құтқарып, аман алып қалдық. Су тас­қы­ны кезінде волонтерлер қозғалысының әлеуеті зор екенін көрдік. Еліміздің түк­пір-түкпірінен келген ерік­тілер құтқарушыларға жәр­дем­десті, гуманитарлық кө­мек ұйымдастырып, зар­дап шеккендерге қолдау көр­сетті. Бір сөзбен айт­қанда, бір ел болып және бір халық болып жұмыла білсек қана мұндай апаттарды ең­сере алатынымызға бәріміз көз жеткіздік.

Былтыр елімізде «Таза Қа­зақстан» экологиялық ак­циясы басталды. Игі бас­та­ма барлық өңірді қамтыды. Бұл акцияға 3,8 миллионға жуық адам қатысты. 1,5 мил­лион тоннадан астам қо­қыс жиналып, 3,2 миллион­нан астам көшет егілді. Осы­ның өзі азаматтарымыздың сана-сезімі жоғары, олар­дың Қазақстанды өзгертуге нақты іспен үлес қосуға да­йын екенін көрсетеді. Мем­ле­кет басшысы «Таза Қа­зақ­стан» акциясы қоғамға эко­­логиялық мәдениеттің жаңа талаптарын енгізу идея­­сынан бастау ала­ты­нын, бұл кезекті бір науқан емес, озық ойлы қоғам қа­лыптастыру жолындағы идеологиялық платформа екенін атап өтті.

Президентіміз Қасым-Жо­март Тоқаев үш жыл бұ­рын болған қаңтар оқи­ға­сы­на да тоқталды. Қаңтар оқи­ғасынан үш жыл өт­кен­де азаматтарымыздың көп­ші­лігі елімізде бұрын-соң­ды болмаған осы дүрбелең кө­пе-көрінеу әлеуметтік әді­­­лет­­сіздіктің, саяси то­қы­­­рау­дың, сондай-ақ қас­­­көй­­лердің шектен тыс мен­мендігінің және олардың ха­лық пен мемлекет тағ­ды­рына немқұрайды қа­рауы­ның кесірінен орын алғанына әбден көз жеткізді.

Мемлекет басшысының айтуынша, біз халықтың бе­рекелі бірлігінің арқасында осы ауыр сынақтан сүрінбей өттік. Қаңтардағы оқиғадан бәріміздің зор сабақ ал­ға­ны­мыз сөзсіз. Біріншіден, би­лік жұдырықтай жұмыла білуге тиіс, қосарланған би­лікке ешқашан жол берілмеуі қажет. Екіншіден, Президент – «Құдайдың жердегі кө­лең­­ке­сі» емес, мемлекетті бас­қа­ру үшін белгілі бір мер­­зі­м­ге сайланған ме­нед­жер ға­на. Үшіншіден, жоғары мем­лекеттік лауазымдарға үміткерлерді, соның ішінде күштік құрылым бас­шы­ла­рын мұқият іріктеу керек. Олар Отанымызға, яғни Қа­зақстан Республикасына адал болуға тиіс. Ең бас­ты­сы, «Заң мен тәртіп» қағи­да­тын басшылыққа алып, ел бірлігін көздің қарашы­ғын­дай сақтап, әділдік қа­ғи­датын барынша орнықтыру қажет. Бұл қағидатқа қарсы шығатындар «де­мок­ра­тия­лық құндылықтар» деген же­леумен қоғамға іріткі салып, түбінде Қазақ мемлекеттігін жоюды көздейтіні айдан анық. Бұған еш көнуге бол­май­ды. Заң үстемдігі – де­мо­кратияның ең биік шыңы. Бұл мақсатқа жету оңай емес.

Ел Президенті сондай-ақ «Әділетті Қазақстан» туралы өз ойын ортаға салды. «Әді­летті мемлекет деге­ні­міз – құ­қықтық мемлекет. Онда аза­маттардың бәрі заң ал­дында тең болады, заң­дар­ды, ережелерді және нор­ма­ларды қатаң сақтай отырып, жалпыға бірдей мүмкін­дік­терді толық пайдалана ала­ды. Айтпақшы, заңсыз алын­ған қаржы және басқа да активтерді қайтаруға қа­тыс­ты жұмыстың нәтижесінде 2022 жылдан бері мемлекет қазынасына 2 триллион тең­геден астам (4,1 миллиард дол­лар) қаражат түсті. Бұл қар­жы мектептер мен ма­ңыз­ды инфрақұрылым ны­сан­дарын салуға және өзге де әлеуметтік міндеттерді орындауға жұмсалып жа­тыр. Әділдік дегеніміз осы емес пе?!» – деп өзінің ойын қорытындылады.

Мемлекет басшысы Қа­сым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұх­баты елімізге терең ой салу және биылғы атқа­ры­латын жұмыстарға тың серпін беру үшін жасалған арнайы үн­деу. Ел Президенті бәрін де тиянақтап, көпшілікке тайға таңба басқандай етіп тү­сіндіріп берді. Енді тек осы үл­кен де жауапты мін­дет­терді орындау ғана қалды. Ол үшін әрбір қазақстандық «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жұмыла еңбек етуі керек.

Қалдарбек

ҚУАНДЫҚОВ,

Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті,

заң ғылымының кандидаты