
Философия және саясаттану факультетінің деканы Мейірбаев Бекжан Берікбайұлы Египет Араб Республикасы, Каир Жоғары Білім Министрлігі Ғылыми зерттеулер және технологиялар академиясының Бас директоры PhD доктор, профессор Абул Футух Сабри Абул Футух Юнуспен (Abouelfetouh Sabry Abouelfetouh Younes) кездесті. Кездесуде екі жақты байланыстың жаңа деңгейге көтерілу мәселесі талқыланынды. Оның ішінде, әл-Фараби еңбектерін зерттеу мәселесі, Каир университетіндегі әл-Фараби орталығының бүгінгі күнгі жағдайы талқыланды. Сондай-ақ, қазақ мәдениетін зерттеуге байланысты мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, кездесуге деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Өмірбекова Әлия Өмірбекқызы және деканның ғылыми инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Осербаев Елдос Нұрланұлы қатысты. Тараптар алдағы уақытта байланыстың одан әрі дамуына мүдделі екендерін жеткізе отыра, факультет студенттері мен жас ғалымдарға лидерлік дәріс өткізу жоспары талқыланды.
Басқа жаңалықтар


