Механика кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ.к. Динара Елеусизовна “Al-Farabi” алтын медалімен марапатталды.Farabi University

Механика кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ.к. Динара Елеусизовна “Al-Farabi” алтын медалімен марапатталды.

12 ақпан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өркендеуі мен дамуына қосқан зор үлесі және ғылым мен жоғары білім саласына сіңірген ерен еңбегі үшін, механика кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ.к. Туралина Динара Елеусизовнаны университет ректоры Жансеит Кансеитович “Al-Farabi” алтын медалімен марапаттады.

Бұл жоғары марапат оның университеттің ғылыми әлеуетін арттыруға, механика саласындағы білім мен зерттеулерді дамытуға қосқан елеулі үлесінің айқын дәлелі болып табылады. Туралина Динара Елеусизовна көп жылдық еңбегімен жас ғалымдарды даярлап, олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етіп келеді.

Оның ғылыми еңбектері тек Қазақстанда ғана емес, шетелдік ғылыми қауымдастықта да жоғары бағаланып, сұйықтар және газдар механикасы саласында жаңа зерттеу бағыттарының дамуына ықпал етті. Ғылыми зерттеулерінің нәтижелері БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ЦУР) бірнеше бағытына, соның ішінде №4 – сапалы білім, №9 – индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым, және №13 – климаттың өзгеруімен күрес мақсаттарына сәйкес келеді. Оның еңбектері ғылым мен білімді дамыту арқылы тұрақты болашақ құруға бағытталған.

Механика кафедрасы ұжымының атынан Динара Елеусизовнаны шын жүректен құттықтаймыз! Ғылыми жолында жаңа жетістіктер мен табыстар тілейміз!

Ахметова Балжан Ибрагимқызы,

Ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары.