ТДМ-4. Студенттерге фотожурналистиканың қоғамдағы рөлі таныстырылдыFarabi University

ТДМ-4. Студенттерге фотожурналистиканың қоғамдағы рөлі таныстырылды

6 ақпан, 2025

      «Тұрақты даму контекстінде журналистика тәжірибесі» атты  тақырып аясында бүгін Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының оқытушылары ҚазҰУ кітапханасында ашық семинар өткізді. Семинарда  фотожурналистиканың қоғамдағы атқарар рөлі, еліміздегі экологиялық және әлеуметтік тұрмыс жағдайы нашар аймақтарға жекелей немесе фотоэкспедициялар ұйымдастырылғандығы туралы, деректі фотолар түсіру жайында ақпарат берілді. Әлеуметтік желілер және БАҚ беттерінде фотодерек ретінде жариялап, ал көпшілікке фотокөрмелер қою арқылы назар аударту бойынша мысалдар көрсетілді. Сонымен қатар «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің 15 жылда атқарған шаралары жайлы көпшілікке мәлім етілді.

    Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының аға оқытушы  Асылхан Абдраим БҰҰ «Академиялық Ықпал» бағдарламасының тұрақтылық бойынша Жаһандық Хабы кабинетінде студенттерге дәріс өткізді.

      Студенттер семинарда фотоөнердің кыр-сырымен, фотоэкспедиция нәтижелерімен танысты. Талқылауға журналистика мамандығының студенттері  ғана емес, басқа университет жастары да келді.