
2025 жылдың 5 ақпанында геодезия және картография мамандығының 2 курс студенттерімен бірге «Әл-Фарабидің нақыл сөздері» атты ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – ұлы ойшыл, ғалым Әл-Фарабидің еңбектерін насихаттау, оның нақыл сөздеріндегі терең мағынаны түсіну және студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту.
Сабақ барысында студенттер Әл-Фарабидің өмірі мен еңбектері туралы қысқаша мәліметтермен танысты. Негізгі назар оның нақыл сөздеріне аударылып, әрбір нақылдың мағынасы жан-жақты талқыланды. Студенттер топтарға бөлініп, әр топ белгілі бір нақыл сөзді таңдап, оның қазіргі заманмен байланысын, маңыздылығын түсіндірді.
Сабақтың интерактивті бөлігінде студенттер өз ойларын ортаға салып, пікірталас жүргізді. Әл-Фарабидің «Білімді болу – адамның өзіне-өзі жасаған ең жақсы сыйлығы» деген сөзі аясында білімнің құндылығы талқыланды. Сонымен қатар, «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген тұжырымның қазіргі қоғамдағы маңызы ерекше атап өтілді.
Ашық сабақ өте жоғары деңгейде өтті, студенттер белсенді қатысып, өз ойларын еркін білдірді. Мұндай шаралар болашақта да ұйымдастырылып, студенттердің жан-жақты дамуына ықпал етеді деп күтілуде.
Басқа жаңалықтар

