«Қазақ һәм қарақалпақ фольклорының ұқсастық белгілері» тақырыбында ашық дәріс сабағы өттіFarabi University

«Қазақ һәм қарақалпақ фольклорының ұқсастық белгілері» тақырыбында ашық дәріс сабағы өтті

12 ақпан, 2025

4-ТДМ «Сапалы білім» аясында 2025 жылдың 12 ақпанында қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ һәм қарақалпақ фольклорының ұқсастық белгілері» тақырыбында ашық дәріс сабағы өтті. Дәрісті Қарақалпақстан Республикасынан арнайы келген Аджинияз Нукус мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы Казакбаев Сарсен Сейилбекович жүргізді. Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Алуа Берікбайқызы Темірболат дәріс басында қадірлі қонаққа алғысын білдіріп, кіріспе сөз сөйледі. Сондай-ақ дәріске ф.ғ.д., профессор Зұфар Нұрсапаұлы Сейітжанов, ф.ғ.к., аға оқытушы Серікбай Қылышбайұлы Қосанов, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доцент м.а., PhD Гүлназ Рахымқызы Даутова, аға оқытушы Бақытқожа Байғожаұлы Баязитов  қатысты.

Дәрісте Сәрсен Сейилбекович қазақ және қарақалпақ фольклорының ұқсастықтары, «Қобыланды батыр» жырының нұсқалары, фольклор жанрлары мен олардың ерекшеліктері, ғұрыптық фольклор түрлерінің өзара ұқсастықтары, айтыс өнерінің ерекшелігі, батырлық жырларының қазақ және қарақалпақ тіліндегі нұсқалары туралы мол ақпарат берді. Ашық дәріс сабағына қатысқан «6B02305 – Қазақ филологиясы» мамандағының 2 курс студенттері тақырып аясында сұрақтар қойды, дәріскер тарапынан толық әрі тұшымды жауап берілді.

Дәрісті ұйымдастыру жұмыстарына «8D02304 – Әдебиеттану» мамандығының 1 курс докторанттары: Кенжеқожаева Алма, Серікжанова Маржан, Тойбазар Аяжан, Манапбаева Жұлдыз, Тұрдәлі Талғат, Мужигова Гульназира, Елдос Екпін атсалысты. Дәріс соңында студенттер мен іс-шараға қатысушылар Сарсен Сейилбековичке жылы лебіз білдірді, дәріс қонақтары қорытынды сөз сөйледі. Мұндай ашық дәріс сабақтары студенттердің теориялық білімін кеңейтіп, жаңа ізденістерге бастары анық.