Физика-техникалық факультетінде Women in Tech: Kazakhstan өкілімен вебинар өтті. ТДМ 5Farabi University

Физика-техникалық факультетінде Women in Tech: Kazakhstan өкілімен вебинар өтті. ТДМ 5

12 ақпан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде Халықаралық әйелдер мен қыздардың ғылымдағы күніне орай Women in Tech: Kazakhstan кластерінің өкілі, Satbayev University Автоматика және ақпараттық технологиялар институты директорының м.а. Динара Қожамжарова қатысқан вебинар өтті.

Women in Tech® Global – технология саласындағы гендерлік алшақтықты азайтуға және әйелдерді осы салада дамуға шабыттандыруға бағытталған ірі халықаралық ұйым. 2018 жылы Аюми Мур Аоки негізін қалаған бұл ұйым 54 елде жұмыс істейді және 250 000-нан астам мүшені біріктіреді. 2030 жылға дейін Women in Tech® Global STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) саласында 5 миллион әйел мен қыздың дамуына ықпал етуді мақсат етеді және Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) жеті бағытына сүйенеді.

Women in Tech® Global-дың негізгі төрт бағыты:

🔹 Білім беруSTEAM (ғылым, технология, инженерия, өнер және математика) саласындағы дағдыларды үйрету.
🔹 Бизнес – технологиялық кәсіпкер әйелдер мен көшбасшыларды қолдау.
🔹 Цифрлық инклюзия – технологиялар мен цифрлық ресурстарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.
🔹 Адвокация – гендерлік стереотиптерге қарсы күрес және индустриядағы жүйелі өзгерістерге ықпал ету.

Ұйым Дүниежүзілік экономикалық форумның (WEF) Edison Alliance бастамасының бір бөлігі болып табылады және инклюзивті цифрлық болашақты қалыптастыру мақсатында технологиялар саласындағы дипломатияны ілгерілетуге белсенді қатысады.

Вебинар БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты №5 – "Гендерлік теңдік" аясында өтті және ғылым мен технология саласындағы әйелдер үшін тең мүмкіндіктердің маңыздылығын атап өтті.