Өндірістік тәжірибе жетістіктері

2025 жылдың 14 ақпанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті түріктану және шығыс елдерінің тарихы кафедрасының 3 курс студенттері ҚР Ұлттық кітапханасында өткен 3 апталық өндірістік тәжірибесінің қорытынды іс-шарасын өткізді.
Іс-шараға кафедрамыздың аға-оқытушысы Әбілдаев Жеңісбек Әкімбекұлы және Ұлттық кітапхананың Әлем әдебиеті қызметінің жетекшісі әрі кітапханадағы тәжірибенің жетекшісі Тұяқова Салима Тоқтасынқызы және басқа да кітапхана қызметкерлері қатысты.
Студенттер өндірістік тәжірибені қалай өткізгендері туралы презентация, бейнетаспа және өзге де шығармашылық жұмыстарын көрсетті. “Граф Монте Кристо”, “Кемел адам” және “Ұшқан ұя” кітаптарына буктрейлер түсіріліп, назарға ұсынылды. 3 курс студенті Асан Ақерке өндірістік тәжірибе туралы қорытынды сөз сөйлеп, Ұлттық кітапханаға осындай мүмкіндік пен тағлымдама үшін алғыс білдірді.
Басқа жаңалықтар


