«ТДМ»-ң №17 бағыты: білім саласындағы екі ел ынтымақтастығына арналған дөңгелек үстел.Farabi University

«ТДМ»-ң №17 бағыты: білім саласындағы екі ел ынтымақтастығына арналған дөңгелек үстел.

14 ақпан, 2025

2025 жылы 13 ақпан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультет көлемінде Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы «Тұрақты даму мақсаттарының» бағытын қамтитын №17 «Орнықты дамуға қол жеткізу құралдарын нығайту және орнықты даму мүддесінде жаһандық әріптестік тетіктерінің жұмысын жандандыру» әлеуметтік жобасы аясында және кафедраның 40 жылдық мерейтойына орай  "Қазақстан мен Қытайдың білім беру саласындағы өзара ынтымақтастығы"  атты дөңгелек үстел өткізді. 

    Дөңгелек үстелге Алматы қаласындағы Қытай Бас консулдығының білім беру жөніндегі консулы Хуан Сяоминь, ғылым жөніндегі консулы Чжан Вэй және шетелдік компания өкілдері, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы ҚХР солтүстік - батыс политехникалық университеті (СҚПУ) филиалының қызметкері Тан Мэнень және орыс және қазақ тілдерін оқып жүрген қытайдан келген студенттер қатысты.  Дөңгелек үстелде Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы  Сартаев Спатай Алтынбекұлы құттықтау сөзінде кафедраның, факультеттің тарихымен, ал кафедра меңгерушісі Айтбаева Бақыт Манатқызы өз баяндамасында кафедраның ғылыми, әдістемелік, тәрбиелік жұмыстарымен таныстырып өтті. Дөңгелек үстел барысында білім, ғылым саласындағы екі жақты әріптестік талқыланды.

 

 

А.Е. Саденова.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру дайындығы факультеті

Шетелдіктердің тілдік және
жалпы білім беру дайындығы
кафедрасының доценті