Қытай Банкінің Өкілі Жұмыс Берушілер Кеңесіне ҚатыстыFarabi University

Қытай Банкінің Өкілі Жұмыс Берушілер Кеңесіне Қатысты

19 ақпан, 2025

Қытайтану кафедрасы соңғы жылдары студенттердің өндірістік практика өтетін базасын кеңейтуге ерекше көңіл бөліп келеді. Факультет деканы Н.Б. Емнің жетекшілігімен еліміздегі Қытай компанияларымен және Қытаймен тікелей байланыстағы мекемелермен әріптестік орнатылып, нәтижесінде студенттерге ірі кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерде тәжірибеден өту мүмкіндігі жасалды.

Осындай маңызды серіктестердің бірі – Алматы қаласындағы Қытайдың сауда-өндірістік банкі. Соңғы екі жылда бұл банк кафедра студенттері үшін сенімді өндірістік практика алаңына айналды. 18 ақпан күні өткен факультеттің Жұмыс берушілер кеңесінің мәжілісіне осы банктің кадрлар бөлімінің басшысы Манапова Диана Арманқызы арнайы қатысып, студенттердің тәжірибеден өту процесі туралы баяндама жасады. Айта кету керек, Диана ханым – Қытайтану кафедрасының 2018 жылғы түлегі.

Кеңес барысында ол банктың қызметі, кадр саясаты және жас мамандарға қойылатын талаптар жайында жан-жақты ақпарат берді. Бұл мәліметтер кафедра үшін болашақ мамандарды даярлау траекториясын анықтауда және оқу бағдарламаларын жетілдіруде аса құнды. Қазіргі таңда осы банкте төрт студентіміз өндірістік практикадан өтуде.

Жиын соңында факультет деканы Н.Б. Ем қытайтанушы мамандарды даярлау ісіне қосқан үлесі үшін Манапова Диана Арманқызына алғыс хат табыстады.