«ҮЗДІК СТУДЕНТТІК ТОП» атты жобасы: Факультетіміздің үздік группасы анықталды

5 ақпан 2025жыл Механика-математика факультеті 106 аудиториясында Механика-математика факультеті «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіптік бюросының ұйымдастыруымен «ҮЗДІК СТУДЕНТТІК ТОП» атты жобасы өтті. Бұл жоба сайыс тұрғысында өткізілді. Сайыстың төрешілері Механика-математика факультетінің студенттік деканы Тұрсынтай Нұрхан Нұрболатұлы, «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының «ЕҢ ҮЗДІК СТУДЕНТТІК ТОП-2025» жобасының координаторы Батырбек Өмірсерік, Механика-математика факультеті «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіптік бюросының төрағасы Сейт Нұрбақыт Нұралыұлы болды. 4 түрлі кезеңнен құралған бұл сайысымыз тартысты өтті. Қатысушы группаларымыз шынымен білімді де алғыр. Кезеңдерге толығымен тоқтала кетсем
1-кезең Креативті таныстыру видеосы- Бұл кезеңде қатысушы топтардың әзірлеп әкелген видеоларында группа мүшелерін толық таныстырды. Жақсы монтаждалғаны мен креативті болу да қаралды.
2-кезең A high-IQ group-Бұл кезеңде қатысушы топтарымыздың тапқырлығы мен ақыл ойлары сынға түсті. Қызықты сұрақтар мен логикалық сұрақтар жазылған билеттерді таңдау арқылы жүрілді. Сұрақтың жауаптары неғұрлым жақсы әрі толық болуы қаралды.
3-кезең Менің мамандығым-Бұл кезеңде қатысушы топтарымыз өздерінің мамандығы туралы ерекше фактлермен жұмыс жасап, басқалардың назарын аударта алатындай етіп өзідері оқып жатқан мамандықтары туралы таныстырды.
4-кезең Farabi Life-Бұл кезеңде қатысушы топтарымыз Университетіміз туралы қаншалықты білетіні сыналды. Әр топқа сұрақтар жазылған парақтар таратылып, сол бойынша жұмыс жасалды.
Біліммен жарысқан студенттеріміз топтық жұмыстың маңыздылығы мен артықшылықтарын түсінді. Бұл жобаға қатысар алдын группаларға берілген таныстыру видеосы тапсырмасының арқасында ауызбіршілік пен сыйластық, бір біріне деген құрметтері артып ғана қоймай тың идеялар мен атмосфераға толы дайындық болды деп ойлаймыз. Тартысты болған бұл сайысымыздың соңы қорытындылаумен аяқталды. Жарыс болғандықтан жеңіс те жеңіліс те қатар жүреді дей келе қатысушы топтарымызды марапаттадық.
1-орын Математика мамандығы 23-1 группа
2-орын Актуарлы математика 24-1 группа
3-орын Актуарлы математика 23-1 группа
«ҮЗДІК СТУДЕНТТІК ТОП» жобасы шығармашылық, командалық жұмыс және логикалық ойлау сияқты маңызды дағдыларды дамытуға ықпал етеді, бұл тікелей ТДМ 4: Сапалы білім мақсатына сай келеді. Бұл дағдылар студенттерге өздерін білікті маман ретінде қалыптастыруға және кәсіби өмірге дайын болуға көмектеседі. Сонымен қатар, жоба ТДМ 8: Лайықты жұмыс және экономикалық өсу мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етіп, қатысушыларға мансаптық өсу үшін тәжірибе жинақтауға және еңбек нарығында мүмкіндіктерін арттыруға мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар

