Кедейлікті бірге жоямыз!Farabi University

Кедейлікті бірге жоямыз!

7 ақпан, 2025

2025 жылдың 7 ақпанында сағат 9:00-де Филология факультетінің Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен 6В02303 – Шетел филологиясы (батыс тілдері) мамандығының 3-курс студенттеріне арналған эдвайзерлік тәрбие сағаты өтті. Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының «Тұрақты даму мақсаттары» жобасының бірінші мақсаты – «Кедейлікті жою» тақырыбына арналды. Тәрбие сағаты шетел филологиясының докторанты Б. Тұңғыш және аға оқытушы И. Азимбаеваның жетекшілігімен іске асты. Эдвайзерлік сағаттың мақсаты – кедейліктің шығу себептерін жан-жақты қарастырып, оны жоюдың жолдары туралы студенттерге ақпарат беру, сондай-ақ бұл мәселелерді шешуге бағытталған іс-шараларды талқылау. Кездесу барысында студенттер кедейлік мәселесін жан-жақты зерттеп, оның жаһандық деңгейдегі жағдайын қарастырды. Іс-шара студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, оларды жаһандық мәселелерге бейжай қарамауға шақыруға бағытталды. Шара қорытындысы бойынша студенттер жаһандық мәселелерді шешуде әрбір адамның рөлін түсініп, белсенді әрекет етуге шешім қабылдады.