«Ою-өрнек – тарихымыздың таңбасы»Farabi University

«Ою-өрнек – тарихымыздың таңбасы»

18 ақпан, 2025

2025 жылы 18 ақпанда Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының студенттеріне аға оқытушы Айтмұханбетова Айнур Серикбайқызының басшылығымен, 1 курс докторанттары Ж. Буркитбаева мен А. Сейсебаевтың ұйымдастыруымен «Ою-өрнек – тарихымыздың таңбасы» атты эдвайзерлік сағат өткізілді. 
Студенттер қазақ ою-өрнектерінің тарихымен және мағыналарымен танысып, ою-өрнектің қазақ халқының рухани өміріндегі орны мен маңыздылығын, сондай-ақ тәрбиелік мәнін талқылады. Студенттер ою-өрнектің символикасын зерттеп қана қоймай, ою-өрнекке қатысты мақал-мәтелдермен бөлісті, ертегімен танысты, кроссворд шешті және өз қолдарымен оюдың апликациясын жасап, қазақтың көркем өнеріне жақындай түсті. Кездесу барысында Фариза Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңі оқылып, ою-өрнектің қазақ поэтикасындағы көрінісі түсіндірілді. Сонымен қатар студенттер ұлттық нақыштағы өрнектердің қазіргі сән, сәулет және бренд айдентикаларындағы рөлі туралы тың деректермен танысып, ұлттық өнеріміздің түптамырымызды танудағы маңыздылығын айқындай түсті.