- Басты бет
- Жаңалықтар
- Көрнекті жазушы, драматург, аудармашы Нұрлан Қамимен шығармашылық кездесу өтті.
Көрнекті жазушы, драматург, аудармашы Нұрлан Қамимен шығармашылық кездесу өтті.

4-ТДМ «Сапалы білім» аясында 2025 жылдың 19 ақпанында қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен көрнекті жазушы, драматург, аудармашы Нұрлан Қамимен шығармашылық кездесу өтті. Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Алуа Берікбайқызы Темірболат кіріспе сөз сөйлеп, қатысушылар мен студенттерге сәттілік тіледі. Модератор – ф.ғ.к., доцент Жолдасбек Ормаханұлы Мәмбетов шығармашылық кездесуге қатысушы қонақтарды студенттерге таныстырып, ісшара барысында назарға алынатын тақырыптар мен сұрақтар жөнінде ақпарат берді.
Ісшараға жазушымен қатар белгілі ақын Болат Жетекбай, танымал режиссер Асыл Құдайбергенов қатысты. Сондай-ақ шығармашылық кездесуді ұйымдастыруға ф.ғ.к. Советхан Баянұлы Тілеубаев жетекшілік етіп, кафедра оқытушылары – ф.ғ.д., профессор Зұфар Нұрсапаұлы Сейітжанов, ф.ғ.к. Серікбай Қылышбайұлы Қосанов, ф.ғ.к. Самал Дәрібайұлы Дәрібаев, ф.ғ.к. Ерхан Карбозұлы Карбозов, PhD, доцент м.а. Гүлназ Рахымқызы Даутова, аға оқытушы Бақытқожа Байғожаұлы Баязитов қатысты.
Шығармашылық кездесу барысында қаламгер Нұрлан Қами жазушының шығармашылық шеберлігі, жазушы лабораториясы, шығарма тақырыбын таңдау мәселесі, әңгіме жанрының ерекшелігі, драмалық шығарма жазу, көркем шығармаға және кино мәтіндеріне аударма жасау секілді маңызды да қызықты тақырыптар туралы баяндады. Сонымен қатар өз қаламынан шыққан «Қыз Данайдың қырғыны», «Көк қақпа», «Кездесу» шығармаларының тақырыбы, жазылу тарихы, прототиптері жөнінде қызықты мәліметтерімен бөлісті. Студенттер және кездесу қонақтары қаламгерге жазушы болудың қыр-сыры, шығарма жазудағы ұстанымдар туралы түрлі сұрақтар қойып, жазушы мен оқырман ретінде еркін сұхбаттасты.
Ісшараны ұйымдастыруға «8D02304 – Әдебиеттану» мамандығының 1 курс докторанттары Кенжеқожаева Алма, Серікжанова Маржан атсалысты. Кездесу соңында қаламгер студенттерге шығармашылық табыс тілеп, алғыс білдірді. Жазушы мен жас оқырман арасында өткен шығармашылық кездесу әрі еркін сұхбат нәтижесінде студенттер шығарма жазу, қаламгерлік шеберлік, шығармашылық үдеріс туралы тың ақпарат алды.
Басқа жаңалықтар


