«Сапалы білім» - Тұрақты даму кепіліFarabi University

«Сапалы білім» - Тұрақты даму кепілі

19 ақпан, 2025

 

Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 19 ақпаны күні «Қайта Өрлеу дәуірінің эстетикасы» тақырыбында Тұрақты даму мақсатының   «Сапалы білім»  мақсаты бойынша ашық дәріс сабағы және семинар өткізілді. Ашық сабақ «Эстетика» пәніне негізделіп, 1-курс докторанты Жексенбаева М.А. жүргізді.

Ашық дәріс барысында Ренессанс дәуірінің тарихы, өнері мен мәдениеті, философиясы мен ғылымы сияқты тақырыптары талқыланды. Ренессанс эстетикасы кеңінен көрініс тапқан: живопись, мүсін, архитектураға қатысты сұрақ-жауап пен пікір алмасу болды.

Өткен тақырыпты бекіту мақсатымен «Жасырын шедевр» ойыны ойнатылып, студенттер плакатта жасырылған картиналарды жорамалдады. Жасырынған картина тапқан әр студентке бонус сыйлықтар табысталды. Ашық семинар сабақтың барысында алдын-ала дайындалған шопперге акрил краскасын қолдану арқылы әр студент эстетикалық талғамдарына сүйеніп сурет салып, естелік ретінде шоппер бетінде өз іздерін қалдырды.

Ғылыми кеңесші, әрі педагогикалық практика жетекшісі Аликбаева М.Б. ашық сабақтың сапалы өтуіне барынша ат салысып, ашық дәріс сабағы мен семинар сабаққа қатысып, жоғары деңгейде бағалады.