Шығыстану факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы «Білім беру бағдарламалары сапасын қамтамасыз ету» сараптамалық стратегиялық сессиясына қатыстыFarabi University

Шығыстану факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы «Білім беру бағдарламалары сапасын қамтамасыз ету» сараптамалық стратегиялық сессиясына қатысты

21 ақпан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы және білім алушылары 2025 жылғы 20 ақпанда өткен  «Білім беру бағдарламалары сапасын қамтамасыз ету: академиялық тұрғыдан қарау және инновациялық шешімдер» сараптамалық стратегиялық сессиясына қатысты.

Сессия тұрақты және шабыттандыратын білім беру ортасын қалыптастыру үшін ғылым мен білім интеграциясы бойынша жыл сайынғы идеялар мен үздік тәжірибелер алмасу алаңы.

Сессияның мақсаты – тәжірибемен алмасу және сарапшылар мен жас ғалымдардың қатысуымен инновациялық шешімдерді талқылау арқылы білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз етудің практикалық ұсынымдары мен жаңа тәсілдерін әзірлеу болды.

Сессия нәтижесінде:

1. кадрларды озыңқы даярлау үшін университеттің білім беру

бағдарламаларының портфелін жобалау;

2. «Мамандығым-болашағым» – кадрларды алдын ала даярлау жобасы;

3. педагогтерді инклюзивті-бағдарланған даярлау: жай-күйі мен

перспективалары;

4. дуальды оқыту: мақсаттары, міндеттері, проблемалары жəне оларды

шешу жолдары;

5. жоғары білім берудегі жасанды интеллект;

6. шағын біліктілік: Қазақстан Республикасында жоғары білім беруді

трансформациялаудың жаңа жолдары сынды мәселелер жоспарланды.

Сессияның бағдарламасы жалпы отырысты, панельдік сараптамалық сессияларды, факультеттердегі стратегиялық топтардағы жұмысты қамтыды.

Сараптамалық стратегиялық сессияның қорытындысы бойынша ұйымдастыру комитеті «Қазақ университеті» баспа үйінде «Білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету: академиялық тәсілдер мен инновациялық шешімдер» жинағында мақалалар жариялауды жоспарлап отыр.