Қонақ үйге танымдық экскурсияFarabi University

Қонақ үйге танымдық экскурсия

20 ақпан, 2025

17.02.2025 күні «Туризм» мамандығының ағылшын бөлімі студенттері Алматыдағы Kazjol қонақ үйінде экскурсияда болды. Қонақ үй өзінің жоғары деңгейдегі қызмет көрсету сапасымен және жайлы атмосферасымен танымал. Kazjol отелі Алматының орталық бөлігінде орналасқан және өзінің қонақтарына жоғары сапалы қызмет пен ыңғайлы жағдайлар ұсынады. Қонақ үй түрлі санаттағы 80-нен астам нөмірден тұрады, олар заманауи жиһаздармен жабдықталған және барлық қажеттіліктерге жауап беретін қызметтермен қамтамасыз етілген. Студенттер қонақ үйдің түрлі мейрамханалары мен нөмірлік қорымен танысып, қызмет көрсету деңгейі мен қонақтарға көрсетілетін қызметтердің әртүрлілігі туралы сұрақтарға жауап алды. Экскурсия барысында қонақ үйдің әрбір департаментінің жұмысы, соның ішінде қабылдау, қауіпсіздік, тазалық және мейрамхана қызметі туралы ақпарат берілді.