Қытайтану кафдрасында мәдени аударма бойынша ғылыми семинар өтті

2025 жылдың 18 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде «Мәдени аударманың ерекшеліктері» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Іс-шараны қытайтану кафедрасы 8D02301 – «Аударма ісі» мамандығының 1-курс докторанты Қалиолла Гүлжанардың зерттеу жұмысы аясында ұйымдастырды.
Семинарға оқытушылар, докторанттар, магистранттар және мәдениетаралық коммуникация мәселелеріне қызығушылық танытқан барлық қатысушылар жиналды. Кездесу барысында мәдени-спецификалық элементтерді аудару ерекшеліктері, мәтіндерді бейімдеудегі лингвистикалық және семантикалық нюанстар, сондай-ақ қытай әдебиеті мен философиялық еңбектерін аудару кезінде ұлттық бірегейлікті сақтау әдістері талқыланды.
Докторант Қалиолла Гүлжанар өз зерттеу нәтижелерін таныстырып, мәдени аударма саласындағы заманауи үрдістерге назар аударды. Ол аударуға қиын ұғымдардың мысалдарын талдап, олардың қазақ және қытай тілдеріндегі бейімделу әдістерін қарастырып, аудармадағы негізгі қиындықтарды еңсерудің тиімді стратегияларын ұсынды.
Семинар қорытындысы бойынша осы бағыттағы зерттеулерді жалғастыру және мәдени концепттердің аударылуына арналған дөңгелек үстелдер сериясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
Басқа жаңалықтар


