- Басты бет
- Жаңалықтар
- Баку мемлекеттік университеті Алматы қаласы Медеу ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚО) болды
Баку мемлекеттік университеті Алматы қаласы Медеу ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚО) болды
.png)
2025 жылдың 18 ақпанында Баку мемлекеттік университеті және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен «7M04212 – Теңіз және энергетика құқығы» магистратурасының қос дипломдық білім беру бағдарламасының магистранттары Алматы қаласы Медеу ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) барды. Сапар БҰҰ Тұрақты даму мақсатының (ТДМ) №16 «Бейбітшілік, әділдік және күшті институттар» аясында ұйымдастырылды және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесімен, цифрландырумен және азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру үдерістерімен таныстыруға бағытталған.
Бұл іс-шараны Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Қуаналиева Г.А., «7М04212 – Теңіз және энергетика құқығы» магистратура бағдарламасы бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасының үйлестірушісі Айгаринова Г.Т:, сонымен қатар эдвайзер Рашева Г.К. ұйымдастырды. Іс-шараға Баку мемлекеттік университетінің магистранттары: Амирли А., Ибрахимзаде Л., Мамедова С., Мирзаева С., Таярли С., Хусейнова А., Хусейнов А., сонымен қатар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранттары: Білім М., Әбилова Д., Нағманов Н., Бектұрсынұлы қатысты.
Басқа жаңалықтар


