Қос диплом бағдарламасының магистранттары Фараби кітапханасында болдыFarabi University

Қос диплом бағдарламасының магистранттары Фараби кітапханасында болды

21 ақпан, 2025

2025 жылдың 19 ақпанында Баку мемлекеттік университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары «7М04212 – Теңіз және энергетика құқығы» қос дипломдық білім беру магистратура бағдарламасы аясында білім алып жатқан магистранттар Фараби кітапханасына барды. Сапар №4 «Сапалы білім» Тұрақты даму мақсатының аясында ұйымдастырылды және университеттің кітапхана қорымен, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен академиялық өсу ресурстарымен танысуға бағытталған.

Бұл іс-шара Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Қуаналиева Г.А., «7М04212 – Теңіз және энергетика құқығы» магистратура бағдарламасы бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасының үйлестірушісі профессор Г.Т.Айгаринованың, сонымен қатар эдвайзер Г.К. Рашеваның белсенді көмегімен ұйымдастырылды. Экскурсияға Баку мемлекеттік университетінің магистранттары: Амирли А., Ибрахимзаде Л., Мамедова С., Мирзаева С., Таярли С., Хусейнова А., Хусейнов А., сонымен қатар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің магистранттары: Қарқын М., Әбілова Д.

Экскурсия барысында магистранттар Қазақстандағы ең ірі университет кітапханаларының бірі болып табылатын кітапхананың құрылымы мен мүмкіндіктерін зерттеді. Оларға әртүрлі ғылыми және білім беру ресурстары, оның ішінде электронды мәліметтер базасы, сирек басылымдар, сонымен қатар зерттеуге және ғылыми жұмыстарды жазуға арналған заманауи цифрлық құралдар ұсынылды.