Студенттердің театрға сапары: «Мұғалім» қойылымының тәрбиелік мәні

2025 жылы 19 ақпан күні Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен «Мәдениеттану» мамандығының 1 курс студенттері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театрында «Мұғалім» атты қойылымды тамашалап қайтты.
Қойылымда мұғалім мен ата-ана арасындағы өзара түсіністік, баланың тәрбиесі мен рухани дамуына отбасының ықпалы, сондай-ақ ұстаз бен шәкірт арасындағы сенім мен жауапкершілік мәселелері көрініс тапты. Бұл студенттерге отбасы мен білім беру жүйесінің өзара байланысын тереңірек түсінуге, сондай-ақ тәрбие мен рухани дамудың маңызын саралауға көмектесті.
Педагогикалық тәжірибе аясында ұйымдастырылған бұл шара студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, театр өнеріне деген қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар, олардың болашақ мәдениеттанушы маман ретінде өнерді талдау және оның әлеуметтік маңызын бағамдау қабілеттерін дамытуға ықпал етті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: PhD, аға оқытушы Каупенбаева С.М., 1-курс докторанты Жұбанышов А.Ш.
Басқа жаңалықтар

