Сапалы білім беру: болашаққа инвестицияFarabi University

Сапалы білім беру: болашаққа инвестиция

20 ақпан, 2025

Педагогикалық практика аясында 2025 жылдың 20 ақпанында «Greenwich» білім беру орталығында Педагогика және білім беру менеджмент кафедрасының педагогика ғылымдарының докторы А.Мукашева және оқытушы М. Мырзагулова жетекшілігімен шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының 1-курс докторанттары ТДМ – бағытына сәйкес  «Сапалы білім беру: болашаққа инвестиция»:  тақырыбында ҚазҰУ  2 курс магистрантарымен  ашық тәрбие сағатын өткізді.Тәрбие сағаты барысында  докторанттар К.Шолпан ағылшын тілінің халықаралық емтиханы TOEFL-ды сәтті тапсырудың ұтымды техникаларымен, Г.Ануар  шет тілін терең меңгеруге арналған әлемдік деңгейдегі Oxford University Press, Pearson, Macmillan Education, Cambridge University Press баспаларынан шыққан соңғы әдебиеттермен тереңірек таныстырды.  Ал Е.Қоныс және Ж.Оразтаевалар магистранттарға шетелдік жаңа білім гранттары туралы толық мағлұматтар берді.  Іс-шара соңында  магистранттар қызықтырған  ақпараттары бойынша түрлі сұрақтарына толымды жауаптар алды. Сонымен қатар ағылшын тілінде қызықты интеллектуалдық ойындар ойнап, өздерінің тілдік құзыреттіліктерін сынады.   Тәрбие сағаты соңында «Greenwich» білім орталығының басшысы Баисов Абдулла Улугбекұлы іс-шараның  тәрбиелік және танымдық мәнділігін атап өтіп,     шетел тілінен емтиханды жақсы тапсырған ҚазҰУ-нің студенттеріне IELTS халықаралық ағылшын тілі емтиханына дайындық курстарына жеңілдік алу мүмкіндіктерін хабарлады.  Магистранттар іс-шараның  олар үшін өзекті және аса құнды болғандығын атап, орталық қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.